• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 01 Маусым, 2022

Картинадағы махаббат

452 рет
көрсетілді

Өмірде тағдыр деген ұғымның шынымен де бар екеніне түрлі жағдайда көз жеткізіп жатамыз. Ал осы жолы екі жанның тағдырына айналған картина жайында сөз етеміз.

Бұл сурет кешегі 90-жыл­дарда оқыған оқу­шыларға таныс болуы мүм­кін. Неге десеңіз, кіш­­кентай қыздың жа­ры­ғы мол бөл­меде таң­ғы жаттығу жасап жат­қан бейнесі мектеп оқу­лық­тарында жиі кез­де­сетін. Балаларға жы­лу­лық сыйлайтын картина суретшілердің әдеттегі бір ең­бегіндей қарапайым көрінеді. Алайда туын­ды­ның салыну тарихына зер салсақ, бей­мәлім адамдар мен тағдырларға жо­лығасың.

Картинадағы қыздың прототипі – Ле­на. Анасы Татьяна Яблонская – украин­­дық суретші. Қы­зына қарап отырып, осы суретті 1954 жылы Киев­тегі үйін­де салған. Ол кезде Лена 13 жаста бола­тын.

«Таң» картинасында Киевтің бір пәтері сурет­теледі. Үй іші жап-жа­рық, бояуы түрлі-түсті болғанымен, шын мә­нін­де Лена отбасымен өте кедей тұрған екен. Ол әпкесі екеуі сыныптастарын үйіне шақыруға да ұялатын деседі. Кар­тинаның сәтті шыққаны соншалық, атағы бірден аспандай жөнеледі. Тіпті КСРО-дағы әрбір екінші үй осы картинаны қа­быр­ғасына іліп қоятын бол­ған. Алайда суреттің атағы авторға табыс әкел­меген.

Ал Лена әйгілі карти­наның авторы Яблон­ская­ның қызы екенін еш­кімге айтпаған. Ол мақ­тануды ұнатпайтын, елеусіз өмір сүргенді ұна­татын ұяң қыз болып өс­кен деседі.

Дәл осы тұста Алма­тыда тұратын 14 жастағы Арсен Бейсембинов те аталған картинаны тө­се­гінің басына іліп қо­йып, оған қарап түрлі қиял­ға берілетін. «Бұл қыз өмірде бар ма, есімі кім, қазір не істеп жатыр екен...» Арсен осылай сурет­тегі кейіпкер қызды іштей ұната бастайды. Ай­та кетейік, оның өзі де сурет салғанды жақсы көрген.

Мектеп бітірген соң ол Мәскеу жо­ғары көр­кем-индустриалды кол­леджіне оқуға тапсырады. Тағдыр деген осы шығар, дәл сол уақытта Лена да мек­теп бітіріп, Киевтен Строгановқа келеді.

Арсен мектепті алтын медальмен бітір­гендіктен суретшілер оқуына қинал­май түседі. Ал Лена емтихандардан әрең өтіп, студент атанады. Осылайша, Лена мен Арсен бірден дос­тасып, достықтың соңы махаббатқа ұласады.

Арсен өзі жақсы көр­ген картинадағы қыздың Лена екенін білмейді. Дегенмен оны көргенде ескі танысын көргендей ала­бөтен жылылық сезі­нетін. Кейін Арсен Лена­ны Алматы­дағы үйіне алып келгенде қабырғада «Таң» картинасы әлі ілі­ніп тұрған еді. Міне, бар ақиқат осы тұста ашылады. «Сен білесің бе, кар­тинадағы қыз – мен».

Картинадағы кейіпкер мен көрерменді тағдыр қосып, екеуі шаңырақ кө­те­ріп, Лена Қазақстанға келген. Заңғар атты ұлы қазір АҚШ-та тұрады.

Ал Арсен 2000 жылы ауырып қайтыс болды. Қоныс аударғанда кар­тинаның сол бір көшір­месі жоғалып кеткен, бірақ Лена өзінің өзге портретін көзі­нің қарашығындай сақтаған. Оны Арсен та­нысқаннан көп уақыт өтпей, қарын­дашпен салып берген болатын. Суреттің екінші бетінде «Мен сені сүйемін, бұл суретті жоғалтпа» деген жазу бар.