Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінен із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 маусым күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабар түсті. Белгілі болғандай, ол үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
«Жедел-іздестіру жұмысына еріктілер де атсалысты. Соның нәтижесінде 17 жастағы жігіттің денесі Үлбі өзенінен табылған», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бірқатар медициналық сараптама тағайындалды. Жасөспірім өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.