Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол мексикалық тәжірибелі боксшы Томас Рохаспен (52-20-1, 34 КО) жұдырықтасты. Екінші жартылай орта салмақтағы бұл кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Жеңісті төрешілер бірауыздан Бекман Сойлыбаевақа берді.
Осылайша, Бекман Сойлыбаев өзінің кәсіби бокстағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Томас Рохас болса, 21-ші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Рохас екінші ең жеңіл салмақта WBC чемпионы атанған.
Ақтауда өтіп жатқан бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) пен аргентиналық Себастьян Папесчи (18-3, 6 КО) шығады. Нұрсұлтан жарысқа орта салмақтағы WBO International чемпиона атағын тігеді.