• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Маусым, 2022

Шымкенттік тұрғыннан ақша бопсалаған алаяқ ұсталды

175 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында өзін полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, ақша бопсалаған құқықбұзушы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны қалалық полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыз жазған.

Азаматша өз арызында бейтаныс адам өзін әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқықбұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына есепке қоямын деп қорқытқанын баяндады.

Анықталғандай, жалған полицей әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін әйелден ай сайын 80 мың теңге талап еткен.

«Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері күдіктіні ақшаны қабылдап алу үстінде ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Күдікті санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы болып шықты. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген қалалық полиция департаментінен түскен ақпаратта.