• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Маусым, 2022

Милад Карими Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Милад Карими Катарда өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды  Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бағанадағы жаттығуларда Карими 14,133 ұпай жинап, үшінші болды.

Дохадағы құрлық біріншілігінде 2022 жылдың 28 қазаны мен 6 қарашасы аралығында Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар іріктеледі.

Осымен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы өнерін аяқтап, алдағы әлем чемпионатына толық құрамда жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар