Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«17 маусым күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 3 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 шілдесіне дейін. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі 2 айға ұзартылған еді.
Айта кетсек, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.