• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Маусым, 2022

Әлемде алтын арзандады

223 рет
көрсетілді

Соңғы бес күнде алтын бағасы төмендеді. Сауда деректеріне сәйкес, бағаның түсуі жұма күні таңертең де байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:41-дегі жағдай бойынша Нью-Йорк Comex биржасында алтынның тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір трой унцияға шаққанда 1825,85 долларға дейін 4,15 доллар немесе 0,22% төмендеді, деп жазады 1prime.ru.

Шілдедегі күміс фьючерстері 0,14%-ға арзандап, бір унциясы 21,012 доллар болды.

Бағалы металдар нарығында жағымсыз үрдіс байқалады. Бұл жағдай сес сауда сессиясында да байқалды.