• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Маусым, 2022

Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді

383 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Жоғарғы соты Нью-Йоркте қоғамдық орындарда жасырын атыс қаруын алып жүруді шектейтін заңның күшін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Сот органы заңнама актісі АҚШ Конституциясын екінші түзетуде енгізілген «қаруды сақтау және алып жүру» құқығын бұзғанын атап өтті.

Судьялардың шешімі адамдардың Нью-Йорк көшелерінде және Лос-Анджелес пен Бостон сияқты басқа да ірі қалаларда заңды түрде қару алып жүруіне мүмкіндік бермек. Бұл – АҚШ Жоғарғы сотының он жылдан астам уақыт ішінде қару-жарақ туралы қабылдаған алғашқы ірі шешімі. Ол жақында болған жаппай атыстардан кейін қабылданып отыр.

Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бұл шешімнен туындайтын қауіпті азайту үшін жұмыс істейтінін және шаһардың «жабайы батысқа» айналуына жол бермейтінін мәлімдеді.

АҚШ президентінің әкімшілігі судьяларды Нью-Йорк заңын сақтауға шақырды.