• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 05 Шілде, 2022

Болат Жәмішев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына енді

367 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz қордың ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына енгізу - «Самұрық-Қазына» қорының қызметіне бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі.

«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында кандидаттарды ашық конкурспен іріктеу арқылы құрылды. Оның құрамында 10 адам бар: 7 азаматтық қоғам өкілі және қордың 3 өкілі.

Кеңес бас қордың, оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңес мүшелерінің жұмысы қоғамдық бастамалар негізінде жүзеге асады.

Болат Жәмішев Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.