• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Шілде, 2022

Жатақхана құрылысына инвестиция салынады

272 рет
көрсетілді

«Қаржы орталығы» АҚ өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде шағын және бизнес субъектілерін жатақханаларға инвестиция салудың тиімділігімен таныстырды. Брифинг барысында «Қаржы орталығы» АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Айнұр Сағындықова алматылықтарға алдағы 8 жылға мемлекеттік тапсырысты іске асыру үшін студенттер жатақханаларын салу туралы ұсыныс айтты.

«Қазіргі таңда елімізде сту­дент­тік жатақханаларда орын тап­шылығы байқалады. Бұл мәселені шешу үшін шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырыс механизмі әзірленді. Тапсырысты кәсіпкер өз қаражаты есебінен қолға алады. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың басты шарты – студенттер жатақханасын салу», деп атап өтті А.Сағындықова.

Бүгінде республика бойынша студенттер жатақханаларында жалпы орын тапшылығы 84 129 болса, оның 40 417-сі – Алматы қаласында. «Қаржы орталығы» өкілінің айтуынша, кез келген әлеуметтік нысанның құрылысы – табысты, тұрақты ғана емес, болашағы зор бизнес жоба. Яғни нысанды өз қаражатына салған жобаға қатысушы пайдалануға берілгеннен кейін әрбір орын үшін мемлекеттен төлемақы алады. Бір студентке шаққандағы мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері: құрылысқа – 122 АЕК, Алматы қаласы бо­йынша – 144 АЕК, қайта құру – 47 АЕК, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы бойынша – 92 АЕК. «Қаржы орталығының» дерегінше, жоба бойынша 2019 жылы 9 166 орынды 10 жатақхана, 2020 жылы 20 266 орындық 75 жатақхана және 2021 жылы 30 630 орынды 124 жатақхана салынған. Алматыда 2018-2021 жылдар аралығында 3 970 орынды 19 студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Биыл мегаполисте 1 696 орындық үш студенттік жатақхана қатарға қосылады.

«Қаржы орталығы» АҚ ілгері­лету және сыртқы коммуникация­лар бөлімінің сарапшысы Диас Жам­былов кәсіпкерлерге жатақ­хана ғимараттарын салу ғана емес, қайта жөндеу жұмыстарының да ұсынылып отырғанын жеткізді.

«Егер кәсіпкер құрылыс саламын десе, «Қаржы орталығы» АҚ-на жер телімінің құжаттарын тапсыруы керек. Егер жатақханада қайта салуды қажет ететін ғимарат болса да осы талаптарды орындап, алдын ала келісімшарт жасалады. Нысан 24 ай ішінде пайдалануға берілуі қажет. Қаржы ресурстары жеткіліксіз болған жағдай­да, «Даму» қорынан жеңілдік­пен несие алу қарастырылған. Жобаның тағы бар шарты 20 жыл ішінде жатақхананы басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Ал кейіннен нысанды кепілге, сатуға, жалға беруге болады. Жатақхана құрылысына қатыс­ты өзге де мәселелерге тоқтал­ған «Қаржы орталығының» өкілі «Инвесторлармен талқы­лау қоры­тындысы бойынша мем­ле­кеттік тапсырысты орналастыру ме­ханизмін қайта қараудың нұс­қасы әзірленген», деп атап өтті. Нақты айтқанда: төлем мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартып, 20 пайызға дейін арттыру көзделген. Егер бүгінде Алматы қаласында 8 жылға төлем нормасы 144 АЕК болса, 6 жыл ішінде әрбір жылға 230 АЕК болуы қажет. Студенттердің ай сайынғы тұру ақысы мемлекеттік тапсырыс құнына кірмейді. Оның көлемін жатақхана иесі реттейді және белгілі бір аймақтағы тұрғын үй нарығының жағдайларымен анықталады. Сондай-ақ тұрғындар үшін (асхана, шаштараз, спорт залы және т.б.) коммерциялық нысандар қызметін ұсына алады.

 

АЛМАТЫ