• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Шілде, 2022

Алматы – Мале әуе рейсінің кешіктірілу себебі белгілі болды

117 рет
көрсетілді

Air Astana авиакомпаниясы Алматы – Мале рейсінің кешіктірілген себебі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«16 шілде күні Алматы – Мале бағытындағы KC585 рейсін орындайтын Air Astana авиакомпаниясының Airbus A321 ұшағы кесте бойынша сағат 01.47-де ұшып шықты. Ұшу барысында бақылау және қозғалтқыш тербелісі индикациясының датчигі істен шықты. Қауіпсіздік процедураларына сәйкес, ақауды жою үшін ұшып шыққан әуежайға қайта оралу шешімі қабылданды. Сағат 03.30-да әуе кемесі Алматы әуежайына қонды. Қону штаттық режимде өтті. Қонғаннан кейін екі сағаттан соң жолаушыларға тамақ пен сусын ұсынылды. Ұшақ бүгін сағат 18.15-те ұшып шығатыны жоспарланған», делінген авиакомпанияның Telegram-каналында.

Жолаушылар өтемақы мәселесі бойынша авиакомпанияға хабарласа алады.

Авиатасымалдаушының мәліметінше, өзге қалаларда тұратын жолаушыларды Алматы қонақүйлеріне орналастыру мүмкін болмаған. Себебі сол уақытта серіктес-қонақүйлерде бос орын қалмаған. Жолаушылар шығын сомасын қайтарып алу үшін чектерді клиенттермен жұмыс бөліміне жіберуі қажет.

 

Соңғы жаңалықтар