Қостанай облысының Сарыкөл ауданында үйінде есірткіге ұқсас ұнтақ сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті ПД қызметкерлеріне Сарыкөл кентінде тұратын 44 жастағы ер адамның Сарыкөл ауданының аумағында «скорость» деп аталатын есірткі сақтап, сататыны туралы мәлімет келіп түскен.
«Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында 3 дорба ақ түсті ұнтақ, жұмсақ сорғы, ұнтақ оралған 39 қағаз түйіншек, ақ түсті зат салынған 75 дорбаша, zip-пакеттер, түрлі түсті 7 изолента, 5 банк картасы, 4 ұялы телефон мен 1,5 млн теңге тәркіленді», деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.