• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Шілде, 2022

Алматылықтарды 15 миллион теңгеге алдаған алаяқ қамауға алынды

167 рет
көрсетілді

Алматылықтарды 15 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алатау ауданының полиция қызметкерлері 30 жастағы азамат Е.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Ер адам Алматының бірнеше тұрғынын алдады деген күдікке ілінді. Оның әрекетінен келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 15 миллион теңге. Күдікті өзін дөңгелектер мен дисктерді тек көтерме жеткізуші ретінде таныстырған. Алам деушілерге тікелей қоймадан арзан бағадағы тауарды алып беруге уәде беріп, тауар төлемін алдын ала алып отырған. Ол тауардың көлеміне қарай 500 мыңнан 6 миллион теңгеге дейін алған. Бүгінгі күні оның үстінен 12 азаматтан полицияға арыз түсті», деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.