• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Шілде, 2022

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

384 рет
көрсетілді

Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Құдайбергеннің адвокаты экс-депутаттың коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткенін айтты. 

«Прокурор Қайрат Құдайбергенде коронавирустың «омикрон» штамы анықталғанын айтты. Қазір ол отырған уақытша ұстау изоляторында білікті медициналық көмек көрсетуге жағдай жоқ. Біз оны емдеу мекемесіне немесе медициналық бөлімшесі бар тергеу изоляторы бар басқа мекемеге ауыстыруды сұрадық. Сондай-ақ сот оны медициналық көмек алу үшін үйқамаққа ауыстыру мүмкіндігін қарастыруы керек», деді адвокат Мұрат Әмитов.

Адвокаттың айтуынша, оның ауруына байланысты прокуратура Қ.Құдайбергенді қамау мерзімін екі айға ұзартуды сұраған. Сот қамауда ұстау мерзімін бір айға ұзартып, прокурорға тиісті медициналық бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.