• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Шілде, 2022

Алматыда қару жасырылған тағы бір орын анықталды

143 рет
көрсетілді

Қару-жарақ Медеу ауданындағы саяжай алқабынан табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп бетон қоршаудың жанынан 70 метр радиуста қару-жарақ қоймасын тапты.

ҚР ҚК-нің 287-бабымен тергелетін қылмыстық іс материалдарына іс жүргізу тәртібімен 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелді.

Сонымен қатар жасырылған орыннан өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалды.