Бұл күндері Италия астанасы – Римде 17 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде бозкілемге шыққан 55 килодағы еркін күрес балуаны Дарын Әскербек әлем чемпионы атанды.
2005 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген Дарын Әскербек Рим бозкілеміндегі алғашқы айналымда өзбекстандық Хасанбой Усмоновтан айласын асырса, ширек финалда армениялық Арена Серобянды жеңді. Ал жартылай финалда германиялық Яннис Ребгольцті жарыс жолынан ығыстырып, финалға жолдама алды.
Бас жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз америкалық Джексен Патрик Форрестпен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен кездесудің алғашқы минуттарында Әскербек қарсыласынан 6 ұпаймен жеңіліп жатып, соңғы минуттарда тамаша әдіс жасап, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 10:11.
Айта кетейік, бұған дейін ел қоржынына грек-рим күресінің екі өкілі – Арсен Жұма (48 кило) мен Юсуф Ашрапов (60 кило), сондай-ақ қыздар арасында белдескен Алина Ертөстік қола жүлде салған болатын.