• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Тамыз, 2022

Болат Ақшолақов битум тапшылығының себебін түсіндірді

350 рет
көрсетілді

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда жылына 1,2-1,3 миллион тонна битум өндірілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министр ел Президенті жол битумының тапшылығын болдырмауды тапсырғанын атап өтті.

«Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Ресей Федерациясынан гудрон импортына квота 280-нен 430 мың тоннаға дейін, сондай-ақ Ақтаудағы битум зауытында битум өндірісі ұлғайтылды. Бұл отандық битум өндірушілерге өндірісті 300 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді», деді ведомство басшысы.

Болат Ақшолақовтың айтуынша, соның нәтижесінде жыл сайынғы жиынтық қуаты жылына 1,2-1,3 миллион тоннаны құрайтын болады. Бұл жол құрылысы үшін ішкі нарықтың қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

«Тапшылық жол-құрылыс компанияларының битумды біркелкі іріктемеуіне байланысты туындайтынын атап өткім келеді. Қысқы-көктемгі кезеңде битум өндіруге өтінімдер іс жүзінде келіп түспейді. Осыған байланысты министрлік Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, қысқы және көктемгі кезеңде битум сатып алу үшін бірыңғай өнім берушіні айқындау мәселесін пысықтап жатыр», деді министр.