• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Тамыз, 2022

11 жастағы қыз Бадам өзеніне батып кетті

305 рет
көрсетілді

7 тамыз күні 2011 жылы туған қыз абайсызда өзен үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабындағы Бадам өзенінде болған.

Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Кейін құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына табыстады. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы тартылған.