14 тамыз күні сағат 21:00-де Жайық өзенінде 2015 жылы туған бала суға батып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы оқиға Қызыл балық ауылында болған. Сағат 22:25-тен басталған іздеулер нәтиже бермей, 00:27-де аяқталды. 15 тамызда сағат 7:30-да іздеу жұмыстары қайта жанданды.
«Іздеуге Атырау облысы ТЖД-нің төрт сүңгуірі, 1 техника бірлігі жұмылдырылды», делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша, бала жағалауда тұрған қайықта ойнап, абайсызда өзенге құлап, батып кеткен.