Өскеменде 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамызда болған.
«Төтенше жағдайлар қызметіне 1993 жылы туған ер адамның рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткені хабарланды. Достарымен суға түсуге келген ер адам алысқа жүзіп кетіп, судан шыға алмай қалған. Достары көмекке ұмтылғанымен, оны аман алып қала алмаған», деді ШҚО ТЖД өкілдері.
Сүңгуірлер марқұмның денесін бүгін жағадан 20 метр қашықтықтағы жерден тапты.