• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Тамыз, 2022

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы ҚАЖД бұрынғы орынбасарының ісі сотқа жіберілді

311 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарының ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол ағымдағы жылдың шілде айында бопсалаушылық және қылмыстық жазаны өтеу режимін жеңілдету үшін сотталушыдан ірі пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта іс Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотына жіберілді.

«Полицейлер заңды ұстанбай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын таптап, антты бұзған жағдайда ІІМ бұрынғысынша қатаң және дереу әрекет етеді. Құқық қорғау қызметі бізге тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де үлкен жауапкершілік жүктейді. Министрлік басшылығы барлық заң бұзушылықтарға қарсы әрекет ету бойынша ұстанымды одан әрі қатаң ұстанатын болады. Кінәлілердің бірде-біреуі жауапкершіліктен жалтара алмайды», деді ведомство өкілдері.