• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қыркүйек, 2022

Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46-ға жетті

537 рет
көрсетілді

Си Цзиньпин апаттан зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың батысындағы Сычуань провинциясында 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының хабарлауынша, дүмпулер Гардзенің батысында-Тибет автономиялық округінде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 16 км тереңдікте орналасқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға орнына Лудиннен және жақын маңдағы 530 елді мекеннен құтқарушылар жіберілген.

Сілкініс салдарынан көз жұмғандар туралы хабарламалар әлі де келіп түсуде. Ганзада 29 адам, Яанда 17 адам қайтыс болды. Тағы 16 азамат хабар-ошарсыз кеткен.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин апаттан зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға шақырды. Өмірді сақтау және адам құрбандарын азайту басты міндет екенін баса айтқан Си Цзиньпин дүмпулерге дайын болу және барынша сақ болу қажеттілігін атап өтті.

Апат аймағына Лудиннен 30 құтқарушы және жақын маңдағы елді мекендерден 530 құтқарушы жұмылдырылды.

Ганзи-Тибет автономиялық ауданы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін аймаққа 635 полиция, өрт сөндіру, денсаулық сақтау, байланыс, электрмен жабдықтау және көлік қызметкерлерін жіберді.

Эпицентрден 20 шақырым радиуста 39 мың адам, 50 километрде - 330 мың адам, 100 километрде - 1,55 миллион адам тұратыны анықталды.

Айта кетсек, Сычуань провинциясы Қытайдың ең сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі ретінде белгілі. 2008 жылдың мамырында бұл аймақта 8 баллдық жер сілкінісі болды. Нәтижесінде 87 150 адам қайтыс болып, 374 мың адам жарақат алды, бірнеше миллион адам баспанасыз қалды.