• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Өнер 14 Қыркүйек, 2022

Ұлттық опера жаңа шығармалармен толығады

324 рет
көрсетілді

Тамыздың соңында Алма­тыдағы Арбат бойында, ашық аспан астында, алаңды толтыра көрермен жинап, үш күн бойы дүбірлеп өткен Оpenair концерті тағы да халықаралық ірі жобамен жалғасын тапты. Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының 89-маусымы халықаралық OPERALIA классикалық өнер фестивалімен қатар ашылып, жылдағы дәстүр бойынша «Абай» операсымен шымылдығын түрді.

Бес күнге жоспарланған классикалық өнердің халық­аралық OPERALIA фес­тивалін ұйымдастырып отыр­ған Абай атындағы Ұлттық Опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрбақыт Бөкебаев алма­тылықтарға көптен күткен тосынсый әрі естен кетпес жарқын сәттер сыйлайтынын жеткізді. Фестиваль шең­берінде бас қосатын Қазақ­стан және шетел класси­калық өнерінің танымал ше­берлері тыңдарманына ең үздік композиторлардың шы­ғармаларын орындайды. «Аққу көлі» спектакліндегі басты партияны орындау үшін Санкт-Петербургтегі Ма­риа театрының жетекші би­шілері Никита Корнеев пен Мәскеуде өткен халық­аралық байқаудың жүлдегері Ма­лика Елшібаева арнайы шақы­рылып отыр.

Сондай-ақ Британияның белгілі пианисті Оливер Пул, Вена скрипкашысы Ру­санда Панфили, белгілі чех ба­ри­тоны Филипп Банджак, Оңтүстік Кореяның мәде­ниет қайраткері, «Пхен-Тэк» фи­­лар­мониясының көр­­­кем­дік жетекші әрі бас ди­ри­­жері, «Сеул концерттік оркес­трі­нің» бас дирижері, про­фес­­сор Но Тэ Чоль – би­ыл­ғы фес­­ти­валь­дің құрмет­ті қо­нақ­­тары.

«Абай» спектаклін Опера және балет театрының бас дирижері Ерболат Ахмедия­ров жүргізді. Биылғы мау­сымашар қойылымның бас­ты жаңалығы – бір спек­такльде ұлттық опера өне­рінің бірнеше белгілі әрті­сі бірден бой көрсетті, олар: Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткерлері Тал­ғат Күзембаев, Майра Мұха­медқызы және «Астана Опе­ра» театрының жетекші со­листі Мерей Бәйнеш театр­­­­дың беткеұстар туын­ды­­сы­ның ажарын бұрын­ғы­сы­нан да ашып, ұлы ақын­ның тұл­ғасын асқақтата түсу үшін шебер­лігін аяған жоқ. Ұлы­лар табанының ізі қалған, самсаған жұлдыздардың талайын жарқыратып жүрген сахнаның өзінде мұндай ғажайып сәт сирек туады. Халықаралық фестивальдер мен гастрольдердің тұ­рақты қатысушысы болып табылатын «Абай» қойы­лы­мы үшін ұлттық мәде­ниет­тің ең ірі өкілдерінің тұс-тұс­тан келіп, бір сахнада өнер тоғыстырғанын көрермен аса іл­типатты қабылдап, қоше­­метін аямады.

Директордың айтуынша, осыдан 30-40 жыл бұрын жазылып, театр архивін­де сақтаулы жатқан көрнек­ті композиторлардың шығар­маларын заманға қарай қай­та өңдеп, көрерменге ұсы­ну көзделіп отыр. Атап айт­қанда, балаларға арналған «Алдар көсе» мен «Еңлік-Кебек» операларын сахнаға қайта жаңғыртып қою жос­пары бар. Қазақ өнерінің інжу-мар­жаны саналатын «Абай» мен «Қыз Жібектің» қатары ал­дағы жылы жаңа ұлттық туын­дылармен то­лық­­тырыл­мақ.

Абай атындағы Опера және балет театры спектакль сахналауға сырт елдерден режиссерлер мен басты рөльде ойнайтын же­текші солистерді жиі ша­қырып жатады. Бұл нені білдіреді? Бұл театрдың өз әншілері мен бишілері арасында дәл сондай биік деңгейде өнер көрсететін ше­бердің болмағанынан ба, әлде мұның басқа себебі бар ма? «Себебі әртүрлі болуы мүм­кін. Қазақтың «Ән айтсаң да, жаныңды жеп айтасың» деген сөзі нақ осы опера әншілеріне қарата айтылса, мәні ашыла түсе ме деймін. Кейде мүмкіндіктің болмауынан сырттан шақыруға мәжбүр болатынымызды жасырмаймыз. Мысалы, «Аида» операсындағы Радаместің рөлін биік деңгейде ойнайтын әнші қазақ сахнасында көп емес. Сол бірді-екілі талант­тарды біз шақырған кезде, олар өз театрындағы спек­такльден босай алмай қалуы мүмкін. Қазір Ресей театрын­да жұмыс істейтін Қазақ­станның тумасы Ахмет Агади әлем театрларын аралап жүріп ән салады. Бұл бір жағы, маманға мұқтаждықтан туса, екіншіден еліміздің кө­рер­мені аты әлемге белгілі басқа жұрттың да мықтысын көрсін деген тілектен туады. Дауыс мүмкіндігін, драмалық шеберлікті жақсы сезінетін режиссер сахналайтын спек­таклінде қай театрдың әртісін лайық деп таныса, біз сол әншіні шақыртамыз. Шетел театрларында жұмыс істеп жүрген, келісімшарт бойынша ән салып қайтатын Майра Мұхамедқызы мен Нұр­жа­мал Үсенбаева бастаған қа­зақстандық әншілер өзге ел­дердің театрына жиі шақы­ры­лады» дейді директор Б.Бөкебаев.

Әрбір жаңа маусым руха­ни құндылық іздеген көрер­менге құнары мол кеш сыйлауды мұрат тұтады. Театр басшылығы мұндай мәдени жаңалықтың биыл мол болатынына сендіріп отыр.

 

АЛМАТЫ