Елордалық Саят Қарабаев бастаған қазақстандық төрешілер тобы УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы «Бавария» (Мюнхен, Германия») және «Виктория» (Пльзень, Чехия) арасындағы ойында қызмет етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Матч 4 қазан күні Мюнхенде өтеді. Кездесу Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Саят Қарабаевқа қос қапталдан отандастары Евгений Бельский (Тараз) мен Самат Тергеусізов (Алматы) көмектеседі.