• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қазан, 2022

Есірткі сатқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады

350 рет
көрсетілді

Елордалық полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының нашақорлықтың алдын алу, Ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы Сергей Ильиных заңнамада көзделген есірткі қылмысы үшін жауапкершілік ауыр екенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда 2015 жылдан бері есірткі қылмысы ауыр және аса ауыр қылмыс түрі екенін жастар аз біледі, санкциялар мүлкін тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді», деді Сергей Ильиных полиция департаментінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде есірткі сатылымы байланыссыз, интернет арқылы жиі жүргізіледі.

«Барлық ақпарат электронды тасымалдаушылар, жабық мессенджерлер арқылы алынады, онда есірткі сатуға қатысу үшін жастар тартылады. Сайттарды жарнамалаумен айналысатындар бар. Біреу өндіріспен айналысады, есірткі дилерлері де бар. Ақшаны жылыстатумен айналысатын бухгалтерлік есеп те бар. Мұндай зертханалар тек интернет-ресурстарда, мессенджерлер арқылы ұйымдастырылады», деп толықтырды спикер.