• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Қазан, 2022

Елорда жәрмеңкесінде СҚО мен Ақтөбе облысының өнімдері ұсынылды

183 рет
көрсетілді

Елордадағы жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері 1 200 тоннаға жуық өнім әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада 130-ға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары 1 200 тоннаға жуық өнім ұсынды, оның ішінде ет және ет өнімдері, көкөністер, картоп, сүт, нан-тоқаш өнімдері, жемістер мен бақша өнімдері, бал, жеміс шырындары, консервіленген өнімдер, жұмыртқа бар.

Аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік берді, нәтижесінде мұндағы өнімдердің бағасы нарықтық бағадан 10-20% төмен.

«Мен 72 жаста болсам да, жәрмеңкелерге үнемі барамын. Әрқашан сүт, қаймақ, сүзбе сатып аламын. Үй тағамдарын жақсы көремін. Мұндағы өнімдер жаңадан келген және бағасы да арзан. Зейнеткерлерге бұдан артық не керек?», дейді елорда тұрғыны Надежда Самольянова.

Сонымен қатар, екі облыстың әртістері мен шығармашылық ұжымдары іс-шара қонақтарына концерттік бағдарлама дайындады.

Айта кетсек, жәрмеңкелер 30 қазанға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді.

Өтетін орны: Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.

Алдағы аптада, яғни 15-16 қазанда Павлодар облысының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.