• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қазан, 2022

Қызын сатқан әйел ұсталды

158 рет
көрсетілді

Туған қызын сатқан әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстіккореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

«Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты фигурантқа халықаралық іздеу жарияланды», делінген хабарламада.

Оңтүстік Кореядан депортацияланған азаматты Қазақстанға келгеннен кейін Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамады.