Кеше Қорғаныс министрі Серік Ахметов «KADEX-2014» үшінші халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің шеңберінде іс-шараға қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізді.
Халықаралық әскери-техникалық интеграцияны бұдан әрі нығайту, білім және кадрлар даярлау салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруда өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері Түрік Республикасының өкілдері – Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Кемал Ярдымджи және қорғаныс өнеркәсібі комитеті төрағасының орынбасары Седат Гүлдоғанмен кездесуде талқыланды.
Пәкістанның қорғаныс министрі Танвир Хусейнмен кездесу барысында Қазақстанның әскери-техникалық саясатын іске асыру, халықаралық серіктестермен өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту үшін «KADEX» көрмесінің маңыздылығы аталып өтті.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін қазіргі заманғы қару-жарақ жүйелерімен және әскери техникамен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылдардың әрі қарайғы перспективасы «Боинг» компаниясының президенті Джозеф Мак Эндрюмен және «Airbus Defense & Space-Militari Aircraft» компаниясының аға вице-президенті Брижит Флокпен кездесу барысында талқыланды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.