• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Қазан, 2022

Ресей екі әскери спутнигі бар зымыран ұшырды

167 рет
көрсетілді

Жұма күні Плесецк ғарыш айлағынан екі әскери спутнигі бар «Союз-2.1в» жеңіл зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«21 қазанда Плесецк ғарыш айлағынан (Архангельск облысы) Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін бортында ғарыш аппараттары бар жеңіл класты «Союз-2.1в» зымыран тасығышы ұшырылды», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ғарыш кемелеріне Космос-2561 және Космос-2562 сериялық нөмірлері берілді.