• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қазан, 2022

СҚО-да елік атқан браконьерлер ұсталды

170 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында елік атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылжар ауданының полицейлеріне Жалтыр көлінің маңында Kia Sorento жол талғамайтын көлігінде белгісіз біреулер мал етін кесіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Полиция департаменті жедел-іздестіру тобының қызметкерлері төрт ер адамды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Ұсталғандардың екі сібір елігін атып, бауыздағаны анықталды. Сондай-ақ олардан екі пышақ, Vepr маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық пен патрондар тәркіленді», деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сараптамалар тағайындалуда.