Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Конкурсқа 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар (ерлі-зайыптылардың бірі 29 жасқа толмаған болуы керек) қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту.
Конкурстың міндеттері:
дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және отбасына деген жауапкершілікпен қарауды насихаттау; жастар арасында ұлттық, мәдени дәстүрлер мен отбасылық әулеттерге құрмет; жас отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру; салауатты отбасылық демалысты ұйымдастыру; отбасылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу; жас отбасыларға қолайлы көңіл күй сыйлау; мәдени мұраны және қоғамның үздік дәстүрлерін сақтау.Отбасылар келесі жүлделерге ие бола алады:
1 орын – 500 000 тг 2 орын – 350 000 тг 3 орын – 250 000 тгӨтініш беру үшін Telegram мессенджері арқылы 8777 010 4240 нөміріне келесі құжаттарды жіберу қажет.
Сканерленген неке туралы куәлік. Сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі. Байланыс мәліметтері. Instagram аккаунты. «Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек» тақырыбына бейнеролик.