• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2014

Ынтымақтастық әуендері қалықтады

330 рет
көрсетілді

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ драма театрында «Поющая Полония» атты поляк әндерінің ІV республикалық фестивалі болып өтті. Айтулы шараға Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковский және Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары  Рәшит Әкімов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Қазақстанда өзінің ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, бей­бітқатар күн кешіп жатқан 32 мың поляк халқының басын біріктіретін фес­ти­вальге Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарынан өкілдер қатысты. «Менің Қа­зақстаным» деп аталатын му­зы­калық-би қойылымымен ашыл­­ған фестиваль көрермен қауым­ның жүрегіне жылылық ұя­­латты. Ән байқауында солтүс­тік­қазақстандық Валерия Лопата, Владимир Ободзинский, алма­тылық Елена Яворская, ақтөбелік Илья Цыбульский, қостанайлық «Nadzeija» триосы, астаналық «Glosy Astany» вокалдық тобы және павлодарлық Елена Крицкая ән­сүйер қауымның ерекше қоше­метіне бөленді. Ал, ақмо­лалық ән­ші­­лердің арасынан Елизавета Рыль­­ская, Валерия Суховецкая мен Жанна Филипович өзіндік ­ор­ын­­­­­­дау­шылық мәнерлерімен көзге түсті. Біз сөзге тартқан «Kolorove jarmarki» деп аталатын туындыны тамылжыта орындаған Татьяна Леонхардт туған халқының әнін білуді өз міндеті санайтынын, мұндай шараларға қатысу арқылы өзіне жаңа достар тауып қана қоймай, шеберлігін шыңдай түсетінін алға тартты. Фестивальдің жабылу рәсі­мінде сөз алған облыс әкімінің бірінші орын­басары Рәшит Әкімов осындай ауқымды шараның облысымызда ұйым­дастырылып отырғандығына қуанышты екен­дігін жеткізіп, өңірдегі 9,5 мың­ға жуық поляк этносы өкіл­дерінің қоғамдық өмірдегі белсен­ді­лігіне ризашылық білдір­ді. Ал Яцек Ключковский екі ел Пре­зи­денттерінің бейбітшілік пен келі­сімді сақтау бағытында жүр­гізіп отырған саясатын жоға­ры бағалап, бүгінгі шараның дүние­нің екі қиырында жатқан қос мем­лекеттің ынтымақты байланысын жалғастыратын игі дәстүрге ай­­налғанына ризашылығын жеткізді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.