Алматы полиция департаменті кәсіпкер, Chocofamily бас директоры Рамиль Мухоряповқа қатысты 174-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы өзінің Facebook парақшасында жазды.
Журналистің айтуынша, оның Алматы қаласының Бас прокуратурасы мен прокуратурасына берген өтінішіне байланысты Алматы қаласының полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
«Алматы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Д.Е.Әбіқұлов қол қойған хатқа сәйкес, ПД тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», деп жазды Аспанұлы.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Алматының полиция департаменті тексеру жүргізіп жатқанын және кәсіпкердің сөздері бойынша тиісті сараптамалар тағайындағанын хабарлады.
Бұған дейін «Chocofamily Holding» негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов қазақстандықтар орыс тілінде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап беретін жағдайды ұлтшылдықтың көрінісі деп атаған еді. Кейінірек Рамиль Мухоряпов айтқан сөздері үшін кешірім сұрады.
Бұл ретте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мәжілісмендер тобы Бас прокурор Берік Асыловқа Мухоряповтың сөздерін тексеруге үндеу жолдады. Депутаттар Бас Прокурор Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174 – бабына 1-тармағына сәйкес алауыздықты өршіту шараларын қабылдауы тиіс деп санайды.