• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қараша, 2022

Bank RBK Директорлар кеңесінің басшысы сайланды

224 рет
көрсетілді

Болат Жәмішев Bank RBK Директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz KASE Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

«Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 31 қазандағы шешімімен Болат Жәмішев Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Болат Жәмішев 2020 жылдың қазан айында Bank RBK Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған еді.

Әр жылдары Болат Жәмішев Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары, Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ ол Цеснабанктің Директорлар кеңесінің мүшесі болды.