Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Құтқарушылар ауа райына байланысты қала тұрғындарына кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz қаланың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сейсенбі, 8 қарашада қалада қатты жаңбыр мен қатты жауып, күн суық болады. Тау бөктерінде қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.
- Алматы қаласының ТЖД автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ жағдайында жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырады. Біз машиналарды ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астына қоймауға кеңес береміз, - дейді мамандар.