• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Қараша, 2022

Медицина саласын қаржыландыру маңызды

269 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мей­рам Қажыкен Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атын­дағы Батыс Қазақстан медицина университетінің сту­дент­тері және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

 

Кездесу барысында кандидат жиналғандарды ең әуелі өзінің сай­лауал­ды бағдарламасын таныстырды. Кейін кездесуге қатысу­шы­лар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар негізінен әлеу­меттік саладағы мәселелерді шешу жоспарларына қызығушылық танытты.

М.Қажыкен медицина қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеу мәселесін көтеріп, денсаулық сақтаудың барлық саласын республикалық бюджеттен қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті.

«Мардымсыз жалақы – медицина саласындағы кадрлардың жетіспеушілігіне алып келетін өзекті мәселе. Медицина қызмет­керлерінің тапшылығын жою, дәрігерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы және олардың жалақысын арттыру үшін ілкімді шаралар қажет. Бұл – менің басты міндеттерімнің бірі. Бізде қаржыландыру ІЖӨ-нің 1,4 пайызын құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштерімен салыстырғанда үлкен айырмашылық байқалады», деді М.Қажыкен.

Болашақ мамандарды баспана сатып алу және жұмысқа орна­ласу мүмкіндігі сияқты тақырыптар да қызықтырды. «Жастарға барлық мүмкіндікті жасауымыз қажет. Өйткені адам әлеуметтік мәселелерге қаншалықты аз көңіл бөлсе, соғұрлым ол жұмысқа және өзінің кәсібилігін арттыруға көп көңіл бөледі. Бұл – жалпы ел экономикасына әсер етеді», деді ол.