Қазақстан бойынша отынның орташа бағасы 8 858 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының ресми парақшасына сілтеме жасап.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7%-ға қымбат.
Өңірлердегі ағаш отынының бағасы 6 мың мен 16 мың теңге аралығында. Осылайша, ең қымбат баға Астана қаласында – 15 492 теңге, Көкшетауда – 11 067 теңге және Өскеменде – 10 532 теңгені құраған.
Басқа өңірлер бойынша, Шымкентте – 8 000 теңге, Таразда – 9 099 теңге, Қарағандыда – 8 880 теңге, Жезқазғанда – 8 485 теңге және Петропавлда 8 658 теңгеге сатып алуға болады.
Ең төменгі баға Орал қаласында тіркелген, мұнда бір текше метр отын – 6 000 теңге.