• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Қараша, 2022

Пікірсайыс басталды

341 рет
көрсетілді

Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес жеребе тартылды. Теледебаттағы сөз сөйлеу тәртібі бекітіліп, соған сәйкес президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова бесінші болып бағдарламасын таныстырады.

Ресми іс-шараға барлық үміткерлердің штаб басшы­лары қатысып, реттік нөмірлерін таңдады. Пікірса­йыс бүгін сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көр­сетіледі. Онда үміткерлер сайлауалды бағдарла­ма­лары­мен таныстырып, бір-біріне сұрақтар қояды, сон­дай-ақ қазақстандықтардың сауалдарына жауап береді. Үміт­кер­лерге сұрақ қойғысы келетіндер 10 қарашаға дейін теле­ар­наның арнайы электронды мекенжайына ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнежазба жолдағанын атап өткен жөн.

Регламентке сәйкес президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайыстары мен пікірталастары төрт раундқа бөлінген. Әр раундқа сәйкес пікірсайысқа қатысушылар өздерінің сайлау бағдарламасымен сөз сөйлеуге, қарсыластарына сұрақтар қоюға, сайлау­шылар­д­ың сұрақтарына жауап беруге, сондай-ақ сайлау­шыларға үндеу жасауға мүмкіндік алады. Бірінші раунд – «Сайлау алдындағы бағдарламамен таныстыру», екінші раунд – «Пікірталас сессиясы», үшінші раунд – «Сайлаушылардан сұрақтар», төртінші раунд «Сайлаушыларға арнау» деп аталады. Қорытынды раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.