• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қараша, 2022

СҚО-да екі тәулікте 11 мас жүргізуші ұсталды

444 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстанда соңғы екі тәулік ішінде 11 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі күн ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер үйлерді, саяжайларды және қараусыз қалған ғимараттарды айналымнан өткізді. Нәтижесінде мыңға жуық түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың көбісі тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттың болмауына байланысты.

Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас күйде жүрудің 199 фактісі анықталды. Ұсақ бұзақылықтың 88 фактісі тіркелді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жаяу жүргіншілер тарапынан анықталды.

Екі күнде 180 заңбұзушылық тіркелді. Жылдамдықты шектен асырудың 58 фактісі анықталды. Тек соңғы тәулікте облыс жолдарында 5, жалпы екі тәулікте 11 мас жүргізуші ұсталды.

«Көлік тәртібінің сақталуына бақылау күшейтіледі. Облыста ауа райы маусымаралық кезеңге байланысты нашарлайды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден барлық ережелерді барынша қатаң сақтауды сұраймыз», деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов.