• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Қараша, 2022

Жалынды жастар жетерлік

124 рет
көрсетілді

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының кезекті отырысында жастар белсенділері Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады.

«Жастар Рухы» белсендісі Аида Қалуова Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру және жастар саясаты саласындағы бастамаларына баса назар аударды.

«Жастардың проблемаларын өздерінен артық ешкім білмейді, сондықтан олардың өзекті мәселелерін шешуде сіздердің пікірлеріңізді елемеуге болмайды. Сапалы білім – жастардың табысының, елімізді алға жылжытатын талантты мамандардың қалыптасуының кепілі. Қазақстандық жастардың өздерін ең белсенді сайлаушылар ретінде көрсететініне сенімдімін», деді ол.

«Жастар Рухы» жастар қанатының елордадағы филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмның пікірінше, жастардың өзін-өзі тануы үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасалуға тиіс.

«Жастардың алдағы президенттік сайлауға деген қызығушылығы олардың ел ісіне араласуға дайындығын, сайлау үдерістеріне деген өзіндік көзқарасы қалыптасқанын көрсетеді. Дауыс беру құқығы үлкен жауапкершілік екенін түсіну маңызды және таңдау импульсивті эмоционалды шешім емес, саналы және ұтымды болуы керек», деді ол.