• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Қараша, 2022

Ұлттық мәдениетті сақтау – парыз

443 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың бірі Мейрам Қажыкен Алматыда тарих және мәдениет қызметкерлерімен кездесті.

«Алатау» театрында өткен кездесуде ол өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мәдениет саласындағы маңызды сұрақтарға жан-жақты тоқталды.

«Мәдениет арқылы елде толеранттылық, азамат­тық және патриотизм қалыптасады. Ұлттық мәдениетті дамытумен қатар тұтас халқымыздың бірлігін бекемдейтін мәдени дәс­түр­лерді үйлесімді дамыту қамтамасыз етіледі», деді ол.

М.Қажыкен тамыры тереңге жайылған ұлттық мәдениетті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Тарихшылар мен мәдениет қайраткерлері әлемнің Қазақстанмен, қазақ әдебиетімен және театр, киноларымен, республикада тұратын барлық этностар­дың дәстүрлерімен танысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар қазақстандықтарды әлем­­дік мәдениетпен байланыстырады. Сіздердің жұмыс­­тары­ңыз, еңбектеріңіз өте маңызды», деді кандидат.

Кездесуден кейін Мейрам Қажыкен «Мұхамеджан Тыныш­баев – ғасыр адамы» деректі фильмінің көрсетілі­міне қатысты.