• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Қараша, 2022

Өңір экологиясына назар аударылды

188 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде аймақтағы күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселенің бірі – ауаның ластануына қатысты ойын ашық білдірді.

С.Тұрсынбекованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен, Риддер және Зырян қалалары ауаның ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұр.

Экологтер Шығыс Қазақстан облысының өзендерін жоғары және орташа ластану деңгейі бар су ағындары қатарына жатқызатынын атап өтті. Су сапасының бұзылуына ауыр металдар қатты әсер етеді. Шенеуніктер мұндай проблемалардың бар екенін мойындайды, бірақ жағдайды жоюға қаражат жеткіліксіз екенін айтады.

«Еліміздің шығысы – Семей ядролық сынақ полигоны траге­диясының «мәңгілік мұрагері», оның зардаптары әлі күнге дейін халқымызды алаңдатып келеді. Әртүрлі мәлімет­тер бойынша, Қазақстанда 1,5 миллионнан астам адам сы­нақ­тардан зардап шеккен, 300 мың шаршы шақырым жер ластан­ған. Бұл – орасан зор көрсеткіш. Жергілікті тұрғын­дар мен туристер кейде осы аумақта орналасқан көлдер­де шомылады, Атом көлінің балығын тұтынады», деді кандидат.