• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Қараша, 2022

Парламентаралық байланыс нығаяды

147 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Лилиан Дариймен кездесті.

Тараптар келіссөз барысында екі ел арасындағы екіжақты негізде де, халықаралық ұйымдар аясында да өзара тиімді қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті. Шетел дипломаты Қазақстанда жүргізіліп жатқан жан-жақты өзгерістер мен ха­лық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша елдің ұста­нымы туралы хабардар етілді.

Кездесуге қатысушылар Қазақ­стан мен Молдова арасын­дағы екіжақты ынтымақ­тас­тықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланыстарды, оның ішінде парламенттік достық топтарының жұмысын одан әрі тереңдету туралы уағдаласты.