• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Қараша, 2022

Еңбекақы деңгейі байыпталды

261 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік және ква­зимемлекеттік секторлардағы жалақысы төмен қызметкерлердің табысы бойынша жиын өткізді.

Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Ұлт­тық экономика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының өкіл­дері қатысты.

Жиынға қатысушылар 2025 жылға дейінгі халық табысын арт­тыру бағдарламасын жүзеге асы­ру, сон­дай-ақ қор компаниялары тобындағы жалақысы тө­мен жұ­мысшылардың еңбекақысын арттыруды көздей­тін бизнес-жос­парларды қалыптастыру жолдарын тал­қы­лады.

Талқылауды қорытындылай келе Ерұлан Жамаубаев мем­ле­кеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.