• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Қараша, 2022

Бизнесті қолдау маңызды

188 рет
көрсетілді

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабының мүшелері Маңғыстау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

«Zhamal-ai LTD» арнайы киім және аяқ киім өндіретін фабрикаға барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кәсіпорын ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.

«Президент сайлауы – мемлекетіміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. 20 қарашада қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасау арқылы саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетуі маңызды», деді штаб мүшесі, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

Бұдан соң штаб мүшелері өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламадағы аймақтық көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бөліміндегі негізгі бағыттарды талқылады. IT мамандармен кездесуде штаб мүшелері сайлауалды бағдарламаның цифрландыруға арналған бөліміне баса назар аударды.

Сонымен қатар «ҚМГ Инжиниринг» алаңында РҚШ мүшелері өңірдің мұнайшыларымен кездесіп, оларға сайлауалды бағдарламада көзделген қауіпсіз еңбек ортасын құру және жұмысшылардың  құқығын қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді.