• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Қараша, 2022

Сенімді әріптестік

167 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Юлиан Фотамен кездесті.

Ольга Перепечина өз сөзінде Румыния Қазақстанның маңызды әріптесі екенін айта келіп, Астана мен Бухарест арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды ны­ғай­ту­ға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті.

«Біздің елдеріміздің өзара тиім­ді ынтымақтастық жөніндегі күн тәртібін Парламенттердің байланысы бойынша да қолдау және ілге­рілету қажет деп санаймыз. Сенат пен Мәжілісте Румыниямен ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмыс істеп келеді. Біз сондай-ақ халықаралық парламенттік алаңдарда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы және Парламентаралық Одақ аясында бірге румындық әріптестермен жұмыс байланыстарын орнатуға мүдделіміз», деп атап өтті Төраға орынбасары.

Ольга Перепечина сонымен қатар ауқымды ішкі саяси өзгерістер аясында өткелі жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауы туралы мейманға айтып берді.

Юлиан  Фота өз кезегінде Румыния Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды ны­ғай­туға белсенді ықпал етуге да­йын екенін атап өтті.