• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Қараша, 2022

Жас іскерлер үшін жеңілдіктер

148 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық штабтың мүшелері Түркістан облысы және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесулер өткізді. Барлық кездесулерде сайлаушылар Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның реформалар бағытын қолдайтынын жеткізді.

Сайлаушылармен кездесуде өңірлерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға арналған мәселелерге ерекше назар аударылды. Алдағы уақытта ауылдық жерлерде жаңа жабдықпен жарақталған, білікті медицина қызметкерінен жасақталған 700 жаңа медициналық нысан ашылады. Жалпы, төрт миллионнан астам ауыл тұрғыны қосымша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтылады. Облыс тұрғындары Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасында баяндалған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын жоғары бағалады.

Сауран ауданында жергілікті жылыжай алаңында ауыл жастарымен және шаруалармен кездесу ұйымдастырылды. Олар үшін 1 млн-нан астам ауыл тұрғындарын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жоспарлары қуантарлық жаңалық болды, оған 1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Жас кәсіпкерлер үшін жылдық 2,5% жеңілдікті несиелер қарастырылған.