• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қараша, 2022

Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

181 рет
көрсетілді

Қамысты ауданының полицейлері «Рефлекс» жедел алдын алу шарасы барысында ауылдың 44 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл тұрғынының үйінен жеке тінту кезінде 14 келі марихуана тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған зат кептірілген марихуанаға жатады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі сату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды», деп түсіндірді полицейлер.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері барлығы 180 келіден астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді.

Қостанай облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Аят Қартбаевтың айтуынша, жедел алдын алу шаралары аясында полиция қызметкерлерінің басты міндеті - есірткі және синтетикалық психоактивті заттардың заңсыз айналымының жолын кесу.