• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Қараша, 2022

Агроөнеркәсіп мәселесі талқыланды

148 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік таңғы ас өткізді.

Кездесуде мемлекеттік органдармен бірге «Родина» ЖШС, «Зенченко и К» КС, Картоп және көкөніс өсірушілер одағы, Макинск құс фабрикасы, «Еңбек» ЖШС, Қазақстанның астық консорциумы, Қазақстан қой өсірушілер одағы, «Галицкое» ЖШС, «DALA-FRUIT.KZ» компаниялар тобы, «Райымбек Агро»  ЖШС, Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдар басшылары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді алаңдататын және аса өзекті мәселелерді ортаға салды.

Қатысушылар субсидияларды бөлу және уақтылы беру, мал шаруашылығын дамыту және қолдау, ветеринариялық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, экс­порттық шектеулерді алып тас­тау және т.б. сияқты агро­өнер­кәсіп кешені саласының өзек­ті мәселелерімен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту жөнін­дегі ұсыныстарын жеткізді. Отан­дық аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.

«Елімізде әрбір шаруа – экс­пе­риментші, ал жеке зерттеу жүргізу өте қымбатқа түседі. Мемлекет аграрлық ғылымды дамытуға көп қаражат бөледі, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы бар, ол фермерлерді көкөністерді егу мерзімі, әдістері және басқа да ерекшеліктері туралы әдістемелермен қамтамасыз етуі керек», деді «Олжа Агро» ЖШС басшысы Айдарбек Ход­жа­назаров.

Сүт өнімдерін өндірушілер өз тарапынан жоғары ретро-бонус­тарды қосатын сауда желілерінің практикасы жайлы айтты.

Сұрақтардың әрбір блогы бойынша вице-премьер егжей-тегжейлі түсініктеме берді.

«Біз барлық мәселені бір­лесіп талқылаймыз, жақында сау­да желілерімен кездесулер ұйымдастырамыз, қаржы­лан­дыру, субсидиялар бөлудің тұрақ­тылығы мен басқа да мәсе­лелерді пысықтаймыз, айтыл­ған ұсыныстар бойынша бөлек кездесулер өткіземіз. Бар­лық шешімдер мемлекет пен биз­нес­тің мүдделерін ескере отырып қа­былданатын болады», деп түйін­деді С.Жұманғарин.