• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 09 Желтоқсан, 2022

Президент ЕАЭО-дағы еңбек миграциясы мәселесін көтерді

414 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларын халықтар арасындағы интеграцияны ілгерілетуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еңбек миграциясы мәселесіне де ерекше назар аудару қажет деп есептеймін. Қазіргі сын-қатерлер бұл саланың маңызды екенін айқындай түседі. Бір орында тұрып қалмай, жаңа тәсілдерді ұсыну маңызды. Соның ішінде жұмыс іздеу, жұмысқа орналастыру рәсімдерін жеңілдету, еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер беру ісіне жаңа тәсілдер керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, азаматтар интеграциялық жобаның пайдасын толық сезінуі керек. Бұдан бөлек, Президент дамытуды қажет ететін тағы бір саланы атады.

«Тағы бір сала – туризм. Бұл бағытта Одақтың әлеуеті зор, туризмнің барлық түрі бізге қолжетімді. Халықтар арасында интеграцияны ілгерілетуге жағдай жасайық. Комиссия үкіметтермен бірлесе отырып, осы салада маңызды әрі шынайы жобаларды әзірлей алады», деді ол.